Сондай-ақ қараңыз
Жинақтау/Бөлу (Accumulation Distribution, A/D) Техникалық Индикаторы баға мен көлемнің өзгерісімен анықталады. Көлем баға өзгерген жағдайда салмақ коэффиценті рөлін атқарады - коэффициент (көлем) неғұрлым көп болса, баға өзгерісінің (уақыттың берілген аралығындағы) индикатордың мәніне үлесі айтарлықтай болмақ.
Іс жүзінде, бұл индикатор - кең тараған Баланстық Көлем (On Balance Volume) индикаторының бір түрі. Олардың екеуі де сауданың сәйкес көлемін өлшеу арқылы баға өзгерісін растау үшін қолданылады.
Accumulation/Distribution (A/D) индикаторының өсуі бағалы қағаздарды жинақтауды (сатып алуды) білдіреді, өйткені сауда көлемінің басым бөлігі бағаның өрлемелі қозғалысымен байланысты. Индикатор құлаған кезде, бұл бағалы қағаздарды бөлуді (сатуды) білдіреді, өйткені сауда көлемінің басым бөлігі бағаның төмен түсетін қозғалысымен байланысты.
Accumulation/Distribution индикаторы мен бағалы қағаздар арасындағы алшақтық бағаның алдағы өзгерісі туралы айтады. Әдетте алшақтық болған жағдайда, баға үрдісі индикатор қозғалысының бағытында өзгереді. Егер индикатор өссе, ал қағаздың бағасы төмендесе, онда бағаның бұрылысын күтуге болады.
Индикатордың ағымдағы жинақталған мәніне күндік көлемнің белгілі бір үлесі қосылады немесе одан шегеріледі. Жабылу бағасы күннің максимумына неғұрлым жақын болса, қосылатын үлес соғұрлым үлкен болмақ. Жабылу бағасы күннің минимумына мейлінше жақын болса, шегерілетін үлес соғұрлым үлкен болмақ. Егер жабылу бағасы максимум және минимум арасында орналасса, индикатордың мәні өзгермейді.
A/D(i) =((CLOSE(i) - LOW(i)) - (HIGH(i) - CLOSE(i)) * VOLUME(i) / (HIGH(i) - LOW(i)) + A/D(i-1)
Мұнда:
A/D(i) - ағымдағы бар үшін Жинақтау/Бөлу Индикаторының мәні;
CLOSE(i) – бардың жабылу бағасы;
LOW(i) – бардың минималды бағасы;
HIGH(i) – бардың максималды бағасы;
VOLUME(i) – көлемі;
A/D(i-1) - алдыңғы бар үшін Жинақтау/Бөлу Индикаторының мәні.