empty
 
 

DeMarker - DeM: сипаттамасы, баптау және қолдану

Демарк (DeMarker, DeM) Техникалық Индикаторы ағымдағы бардың максимумын алдыңғының максимумымен салыстыру негізінде құрылады. Егер ағымдағы бардың максимумы жоғары болса, онда сәйкес айырмасы тіркеледі. Егер ағымдағы максимум алдыңғы бардың максимумына тең немесе одан аз болса, онда нөлдік мән тіркеледі. Содан кейін осылайша алынған, n периодтағы айырмалар қосылады. Алынған мән DeMarker индикаторының алымы болып келеді, ол алдыңғы және ағымдағы барлардың баға минимумдары арасындағы айырманың қосындысы қосылған сол шамаға бөлінеді. Егер ағымдағы баға минимумы алдыңғы барда болғаннан көбірек болса, онда нөлдік мән тіркеледі.

DeMarker индикаторының мәндері 30 белгісінен төмен түскенде, бағаның жоғары бұрылуы күтіледі. Индикатордың көрсеткіші 70 белгісінен жоғары көтерілгенде, бағаның төмен бұрылуы күтіледі.

Есептеудің неғұрлым ұзақ периодтарды пайдалану нарық дамуындағы ұзақ мерзімді үрдістен айырылмауға мүмкіндік береді. Қысқа периодты индикаторлар нарыққа тәуекелі аз нүктеде кіруге және мәмілені жасау сәтін, оның негізгі үрдістердің қалпында болатындай етіп жоспарлауға мүмкіндік береді.

Есептеу

І аралығындағы DeMarker Индикаторының мәні келесі түрде есептеледі:

DeMax есептеледі(i):

Егер HIGH (i) > HIGH (i - 1) , онда DeMax (i) = HIGH (i) - HIGH (i - 1), әйтпесе DeMax (i) = 0

DeMin есептеледі(i):

ЕгерLOW (i) < LOW (i - 1), онда DeMin (i) = LOW (i - 1) - LOW (i), әйтпесе DeMin (i) = 0

Демарк Индикаторының мәні есептеледі:

DMark(i) = SMA(DeMax, N)/(SMA(DeMax, N)+SMA(DeMin, N))

Мұнда:

HIGH (i) — ағымдағы бардың максималды бағасы;
LOW (i) — ағымдағы бардың минималды бағасы;
HIGH (i - 1) — алдыңғы бардың максималды бағасы;
LOW (i - 1) — алдыңғы бардың минималды бағасы;
SMA — қарапайым сырғымалы орташа;
N — есептеу үшін қолданылатын периодтар саны.

   Индикаторлар тізіміне оралу   
Индикаторлар тізіміне оралу
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.