Сондай-ақ қараңыз
Баланстық Көлем (On Balance Volume, OBV) Техникалық Индикаторы көлемі және сол көлеммен қоса жүретін бағаның өзгерісін байланыстырады. Джозеф Гранвилл ойлап тапқан индикатордың мәні қарапайым. Егер ағымдағы барды жабу бағасы алдыңғыны жабудан жоғары болса, ағымдағы бар көлемінің мәні OBV алдыңғы мәніне қосылады, егер ағымдағы барды жабу бағасы алдыңғыдан төмен болса, ағымдағы көлем Баланстық Көлемнің алдыңғы мәнінен шегеріледі.
On Balance Volume индикаторын түсіндіру OBV өзгерістері бағаны басып озады деген принципке негізделген. Осы принципке сәйкес, баланстық көлемнің артуы кәсібилердің қаражаттарын аспапқа салатынын көрсетеді. Кейінірек көпшілік жұрт сала бастағанда, баға да, OBV индикатордың көрсеткіштері де қарқынды өсе бастайды.
Егер баға өзінің қозғалысында On Balance Volume индикаторын басып озса, былайша аталатын «растаудың жоқтығы» орын алады. Бұл бұқа нарығының шыңында байқалуы мүмкін (баға Баланстық Көлемнің сәйкес өсуінсіз өсетін болса немесе басып озатын болса) немесе аю нарығының негізінде (баға Баланстық Көлемнің сәйкес азаюынсыз төмендесе басып озатын болса).
On Balance Volume өрлемелі үрдістері туралы айтуға болады, егер әрбір жаңа шың алдыңғыдан жоғары болса және әрбір жаңа ойпат алдыңғыдан жоғары болса. Соған ұқсас, OBV төмен кететін үрдісі шыңдар мен ойпаттардың реттілікпен төмендеуін болжайды. OBV, реттілікпен көтерілетін немесе төмендейтін шыңдар мен ойпаттарды түзбей, көлденең дәлізде қозғалғанда — бұл тұрлаусыз үрдіс.
Егер үрдіс орнаса, ол түбірлі өзгеріс сәтіне дейін күшінде қалады. On Balance Volume индикатордың үрдісіндегі түбірлі өзгеріс екі тәсілмен жүзеге асуы мүмкін. Бірінші жағдайда үрдіс өрлемеліден төмендеуге немесе төмендеуден өрлемеліге өзгереді.
Түбірлі өзгерістің екінші жағдайында OBV үрдіс белгісізге ауысып, үш периодтан аса сондай болып қалады. Осылайша, егер өрлемелі үрдіс белгісізге ауысса және тек екі период бойына сондай болып қалса, содан кейін қайтадан өрлемеліге ауысатын болса, OBV үрдісінің осы уақыттың бәрінде өрлемелі болды деп санауға болады.
On Balance Volume индикатордың үрдісі өрлемеліге немесе төмендеуге өзгеретін болса, былайша аталатын «бұзып өту» орын алады. Индикатордың бұзып өтуі әдетте бағаның бұзып өтуінің алдында болатындықтан, инвесторларға OBV жоғары бұзып өткенде ұзын позицияларды алып, сәйкесінше, OBV төмен қарай бұзып өткенде сатулары керек. Ашық позицияларды үрдістің бағыты өзгергенге дейін сақтап қалу керек.
Егер ағымдағы жабу бағасы алдыңғыдан жоғары болса, онда:
OBV (i) = OBV (i - 1) + VOLUME (i).
Егер ағымдағы жабу бағасы алдыңғыдан төмен болса, онда:
OBV (i) = OBV (i - 1) - VOLUME (i)
Егер ағымдағы жабу бағасы алдыңғыға тең болса, онда:
OBV (i) = OBV (i - 1)
Мұнда:
OBV (i) — On Balance Volume индикаторының ағымдағы периодтағы мәні;
OBV (i - 1) — On Balance Volume индикаторының алдыңғы периодтағы мәні;
VOLUME (i) — ағымдағы бардың көлемі.