empty
 
 

Parabolic Sar индикаторы: сипаттамасы, баптау және қолдану

Parabolic SAR Индикаторы — «SAR Параболалық Жүйе» техникалық индикаторы, трендтік нарықты талдау үшін әзірленді. Индикатор баға графигінде құрылады және егер нарықта «аюлар» (Down Trend) басым болса, бағадан жоғары орналасады, егер «бұқалар» (Up Trend) басым болса, бағадан төмен орналасады.

Егер баға Parabolic SAR сызығын кесіп өтсе, онда индикатор қозғалыс векторын өзгертеді, ал оның келесі мәндері бағаның екінші жағына орналасады. Бұл кезде алдыңғы кезеңнің максималды немесе минималды бағасы есептеу нүктесі ретінде қызмет ететін болады. Индикатордың бұрылысы бұл трендтің аяқталғаны және флэттің басталғанын білдіреді.

Бұл индикатор нарықтан шығу нүктелерін максималды дәлдікпен айқындайды. Ұзын позицияларды бағасы техникалық индикатор сызығынан төмен түскенде жабу керек, ал баға индикатор сызығынан ожоғары болса, қысқа позицияларды жабу керек. Осы индикаторды көбінесе сырғымалы стоп (trailing stop) ретінде пайдаланады.

Егер ұзын позиция ашық болса, Параболик индикатордың мәні бағаның қандай бағытта қозғалатынына қарамастан, жоғары қарай жылжиды. Индикатор сызығының орын ауыстыру шамасы баға қозғалысының шамасына байланысты.

parabolic sar,  параболик сар индикаторы

Есептеу

Ұзын позициялар үшін:

SAR (i) = ACCELERATION * (HIGH (i - 1) - SAR (i - 1)) + SAR (i - 1)

Қысқа позициялар үшін:

SAR (i) = ACCELERATION * (LOW (i - 1) - SAR (i - 1)) - SAR (i - 1)

Мұнда:

SAR (i - 1) — Parabolic SAR индикатордың алдыңғы бардағы мәні;

ACCELERATION — үдеу факторы;

HIGH (i - 1) — алдыңғы кезеңдегі максималды баға;

LOW (i - 1) — алдыңғы кезеңдегі минималды баға.

Егер ағымдағы бардың бағасы бұқа нарығында алдыңғыдан үлкен болса, индикатордың мәні артады және керісінше. Бұл ретте, үдеу факторы (ACCELERATION)екі есе ұлғаяды, бұл Parabolic SAR және бағаны жақындатады. Басқаша айтқанда, индикатор бағасы тезірек өссе немесе төмендесе, бағаға соғұрлым тезірек жақындайды.

   Индикаторлар тізіміне оралу   
Индикаторлар тізіміне оралу
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.