Сондай-ақ қараңыз
Вильямстың Пайыздық Диапазоны (Williams’ Percent Range, %R) Техникалық Индикаторы- бұл қайта сатып алу/қайта сатудың жай-күйін анықтайтын динамикалық индикатор. Williams’ Percent Range - Stochastic Oscillator техникалық индикаторына өте ұқсас. Олардың арасындағы айырма тек мынада: біріншісінің төңкерілген шкаласы бар, ал екіншісі ішкі жатықтауды қолдана отырып құрылады.
Индикатордың -80%-дан -100% дейінгі аралықтағы мәні қайта сатудың жай-күйін көрсетеді. Индикатордың -0%-дан -20% дейінгі аралықтағы мәні нарықтың қайта сатып алынғанын білдіреді. Williams Percent Range индикаторын құру үшін төңкерілген шкалада оның мәндеріне әдетте теріс белгі қойылады(мысалы, -30%). Талдау кезінде теріс белгіні ескермеуге де болады.
Индикаторлардың бәріне бірдей қайта сатып алу/қайта сату ережесі бойынша, олардың сигналына қарай ең дұрысы, бағаның сәйкес бағытта бұрылуын күтіп әрекет ету болмақ. Мысалы, егер қайта сатып алу/қайта сату индикаторы қайта сатып алудың жай-күйін көрсетсе, онда қағазды сатудан бұрын, бағаның төмен бұрылуын күткен дұрыс болмақ.
Williams Percent Range индикаторының бағаның кері айналуын күн ілгері білетін керемет қасиеті бар. Ол әрқашан дерлік шың түзіп, баға шыңға жетіп, төмен бұрылғанша белгілі бір уақыт аралығында төмен қарай бұрылады. Сол сияқты Williams Percent Range индикаторы да әдетте ойпат түзіп, алдын-ала жоғары бұрылады.
Williams’ Percent Range индикаторын есептеу формуласы Stochastic Oscillator арналған формулаға ұқсас: %R = (HIGH(i-n)-CLOSE)/(HIGH(i-n)-LOW(i-n))*100
Мұнда:
CLOSE - бүгінгі жабылу бағасы;
HIGH(i-n) - алдыңғы n периодтардың ең үлкен максимумы;
LOW(i-n) - алдыңғы n периодтардың ең төменгі минимумы.