empty
 
 
Форекс әркімге және бәріне

Форекс әркімге және бәріне

Әрбір трейдер үшін түрлі сұраныстарын қанағаттандыратын сенімді брокерді табу өте маңызды. Клиентік қолдау қызметінің мінсіз жұмысының және қаржы аспаптарының кең таңдауының арқасында ИнстаФорекс компаниясы барлық қажетті талаптарға сай келеді.

Түрлі сауда алаңдарының қолжетімділігі кезінде, трейдерге трейдингті игерудің шексіз көкжиегі ашылады. ECN арқылы, туынды қаржы аспаптары нарығында немесе тауар биржаларында саудалауды ұсына отырып, ИнстаФорекс аспаптарды және сауда шарттарын таңдауда өз клиенттеріне шектеу қоймайды. Мұндай тәсіл клиенттерге валюта аспаптарымен және опциондармен, сондай-ақ акциялармен, индекстермен және фьючерстермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, компания клиенттеріне жеке ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген шоттардың 4 типі қолжетімді. Мысалы, ең төменгі мәміле көлемі 0,0001 құрайтын центтік шоттар шағын депозиттерге арналған. Бұдан басқа, трейдер 1:1-ден 1:1 00 дейінгі аралықта кредиттік көтермені өзі таңдай алады, бұл жұмыс барысын неғұрлым тиімді оңтайландыруға мүмкіндік береді.



Жеңіл бастау

Кез-келген теориялық білім тәжірибелік қолдануды қажет етеді және Форекс нарығы да сондай. Кәсіби мамандар атап өткендей, жаңадан келгендердің тіпті түпкілікті теориялық курсты өткеннен кейін де көптеген сұрақтары қалады. Дәл сол себепті, бастапқы кезеңде трейдерлер демо-шоттарды қалайды.

Демо-шот сауданың қыр-сырын меңгеруге, сауда алаңының ерекшеліктерін зерделеуге және іс жүзінде сауда аспаптарын тегін тексеруге мүмкіндік береді. Дегенмен, бұл жағдайда психологиялық факторларды да есте сақтау қажет – мұндай тәсілде трейдер меншікті капиталын тәуекелге тікпейді. Ал тәуекелсіз сауда құмар ойынға айналады, ал ақшаны жоғалту қорқынышы тәрбиелейді, жинақыландырып және саудаға салмақты қарауға мәжбүр етеді.

Қажетті практикалық тәжірибені алу тәсілдерінің бірі – центтік немесе мини-шот ашу. Бұл жағдайда цент шот валютасының қызметін атқарады. ИнстаФорекс компаниясы центтік шоттардың екі түрін әзірледі: Cent.Standard және Cent.Eurica. Екеуі де, үлкен капиталды тәуекелге тікпей, нарықта өз күшін сынап көргісі келетін жаңа бастаған инвесторлар үшін мінсіз. Екінші жағынан, нақты шоттағы сауда баға жетпес тәжірибе береді. Мини шот ашып, трейдерлер қызметтерінің барлық түрін алады, жалғыз ғана айырмашылығы қаражаттың көлемінде. Шынымен де, үлкен капиталды пайдаланудан бұрын, алдымен стратегияларды жетілдіріп алған жөн. Мысалы, сіз Форекстегі табыс шыңына алғашқы қадамыңызды жасап, сауданы демо-шоттан немесе центттік шоттан бастай аласыз.

Уақытты үнемдейтін технологиялар

Инновациялық технологиялардың пайда болуымен брокерлік қызметтердің сапасы біршама артты, бұл сөзсіз, трейдерлердің саудасында күшті, ақшаны және уақытты үнемдеуінде көрініс тапты. Мысалы, банк картасымен қазір қызметтерді төлеп қана қоймай, сауда шотына қол жеткізуге болады, бұл клиенттерге тек сауда процесіне ғана назар аударуға мүмкіндік береді. ИнстаФорекс осындай мүмкіндікті жүзеге асырған алғашқы компания болды – InstaTrade Benecard брендтік картасы оның иелеріне шотты толтыруға немесе әлемнің кез-келген жерінде қаражатты алуға мүмкіндік береді.

InstaWallet бірегей жүйесінің арқасында компания клиенттері шоттар арасында қаражатты оңай аудара алады. Санаулы секундтарда сіз туысқандарға, әріптестерге, достарыңызға немесе таныстарыңызға ақша аудара аласыз. Мұндай инновациялар жаңадан келгендер үшін және уақыты шектеулі жандар үшін арнайы әзірленген. Сондықтан, InstaCopy жүйесінің көмегімен табысты трейдерлердің мәмілелерін көшіруге болады. Осылайша, сауданың қыр-сырын игерген трейдерлер тәжірибелі әріптестерінің стратегиясын талдап, өздерінікін әзірлеп және пайда таба алады. Сонымен бір мезетте, кәсіби трейдерлер көшіруге ұсынылған мәмілелері үшін комиссия алады.

Сонымен қатар, PAMM жүйесі де қосымша табыс көзі болуы мүмкін. Ақшаны PAMM шотқа инвестициялап (Форекстегі сенімгерлікпен басқарудың бір түрі), сіз әдеттегідей сауда жасай бересіз, ал басқарушы трейдер сізге пайда әкеледі. PAMM жүйе инвесторларға, басқарушы трейдерлер мен PAMM жобаларға қаражат тартатын серіктестерге өз қаражаттарын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жабық мәмілелерден алынған қаражат жүйеге қатысушылар инвестициялаған сомаға сәйкес автоматты түрде бөлінеді. InstaTrade толық бақылау және барлық операцияларды есепке алуға және басқарушы трейдердің қаражатты алмайтынына кепілдік береді.

Сервис барлығын шешеді

Сенімді және табысты жұмыс үшін техникалық сервистің жоғары деңгейі қажет. InstaTrade өз клиенттерімен ұдайы байланысты болып, 100% қолдау көрсетуге кепілдік береді. Өздеріне ыңғайлы уақытта толыққанды жауап ала отырып, клиенттер кез -келген мәселенің шешімі табылатынына сенімді бола алады.

Сапалы қызмет көрсету белгілерінің бірі уақтылы жаңартылып отыратын сайт болып табылады. Егер сіз Форекс нарығын жаңа ғана зерттей бастасаңыз, онда сізге, әрине, анықтамалық материалдар қажет болады. Өйткені, қолыңызда сапалы аналитика болса, макроэкономикалық соңғы оқиғалар мен маңызды қаржы жаңалықтарынан хабардар болу әлдеқайда жеңіл болмақ. InstaTrade экономикалық жаңалықтар, аналитикалық мақалалар, сұхбаттар және бейне материалдар түріндегі ақпаратпен уақтылы жабдықтап, өз клиенттеріне қамқорлық жасайды.

Үздіксіз саудаға кепілдік беретін брокермен жұмыс істеу әрине, жақсы. InstaTrade сауда сигналдарын жіберетін 10 сауда сервері мен дата-орталықтарын ұсынады. Сондай-ақ, компания виртуалды сервер қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін VPS-хостинг бірегей қызметін іске қосты. Сауда балансына қарай, серверді пайдалану құны да өзгеріп отырады. Баланс $5 000 асқанда, трейдер серверді тегін пайдалана алады. Бүгіндері Форекс нарығында жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай – байлық емес, қажеттілік. Уақыт ағынына қарай өзгеру мүмкіндігі трейдерлерге жұмыстың тиімділігін арттыруға және кәсіби жаңа биіктерге жетуге мүмкіндік береді. Міне сондықтан, брокерді таңдау кезіндегі маңызды факторлардың бірі инновациялық құрамдас және Форекс нарығында өзін-өзі танытудың түрлі мүмкіндіктері болып табылады.

InstaTrade компаниясы қызыл түсті өзінің корпоративтік түсі ретінде таңдап алғаны кездейсоқ емес, өйткені ол белсенді өмірлік ұстанымды және табысқа бағытталғандық пен ұмтылысты білдіреді – бұл брокердің өз клиенттеріне ыңғайлы болу үшін қамқорлық көрсететінін кезекті рет дәлелдейді. Алты жыл ішінде жас компания халықаралық деңгейде танылып, мыңдаған трейдерлердің сеніміне ие болды. Сонымен қатар, компания көптеген марапаттар мен атақтарға ие болды, жақында ғана European CEO пікірі бойынша 2013 ж. ең үздік форекс брокер атағына ие болды.

"European CEO" Журналы, (Күз, 2013)
Кері

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.